Колледжде өткен кездесу

«Қызылжар» орталық мешіті қарттарды қолдау айлығы барысында бірнеше іс-шара өткізді. Солардың бірі –  Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педогогикалық колледжінде «Үлкенге құрмет кішіге ізет» деген тақырыпта өткізілген «дөңгелек үстел».  Борки кентіндегі бұл колледжде «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы Исаев жиналған елудей студенттің алдында уағыз айтты. Онда ата-анаға құрмет көрсетудің парыз екендігі кеңінен түсіндірілді. Өкінішке қарай, өмірде кейде керісінше жағдай орын алатындығы бүкпесіз айтылды. Мәселен, «Алла тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алла тағаланың ашуы да – ата-ананың наразылығында», – деген хадис айтылды. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) бір хадисінде ата-анаға қарсы шығу ең үлкен күнәлардің бірі екендігін ескерткендігін еске салды.  Нәтижесінде бұл кездесу колледж студенттеріне, сөз жоқ, ой салды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img-20161031-wa0023 img-20161031-wa0035

Return to Top ▲Return to Top ▲