Қартарға құрмет – ізгі міндет

«Қарты бардың қазынасы бар» демекші,   Уалихан аудандық «Қожахмет Хазрет» мешітінің  ұйымдастыруымен қарттар күніне орай, қайырымдалық шарасы өтті. Шара барысында аталмыш мешіттің наиб имамы С.Мукашев жалғыз басты қариялардың үйлерінде болды.Қарияларды өткен мейрамдарымен құттықтап, мешіт атынан  шағын сыйлық сыйлады. Бұл шараның мақсаты – қарт адамдардың көңілін аулып, бұл өмірде жанашыр жандардың бар екенін сезіндіру. Шара соңында қарттар осындай шараның жыл сайын ұйымдастырылып тұрғанына, басшылыққа алғыстарын айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲