«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ ЖАС ҒАЛЫММЕН СҰХБАТТАСТЫ

«Зейін» оқырмандар клубының кезекті басқосуында жас ғалым, жазушы-алаштанушы Елдос Тоқтарбай қонақ болып, «Абай мен Шәкәрімнің қазағы қандай еді?» деген тақырыпта әңгіме өрбітті.

Жас қаламгер елордалық кітапсүйер жастармен жүздесуде Абай, Шәкәрім шығармаларындағы мінез, болмыс жөнінде айта келіп, оқырмандар сауалына жауап берді.

«Абай мен Шәкәрім, Алаш зиялылары сынды ғұлама аталарымыздың мұрасын зерттеп жүрген жазушы-ғалым ретінде «Абай мен Шәкәрімнің қазағы қандай еді?!» деген сауал үнемі ойландыратын-ды. Екі ғұламаның шығармашылығындағы қазақ бейнесі – ізгілікке құмар, кемел мұсылман сипаты. Ол – ізденгіш, жаңашылдыққа тез бейімделетін, амалы түгел, оңы мен солын айырған мінезі көркем қазақ баласы.

Бір сөзбен айтқанда, Абай да, Шәкәрім де – қазақ үшін мінез сыншысы болатын. Қазақтың тарихында Абай сияқты қазақты айрықша сүйіп, айрықша мінезіне күйген кісі жоқ. Абай – өзіне-өзі сын көзімен қараған тұлға. Абай сөзі, Абай сыны – мінезімізді өзгертуге тиер қамшы» дейді Е.Тоқтарбай.

Return to Top ▲Return to Top ▲