ЖҰМА НАМАЗЫНА КЕЛІҢІЗ!

2014 жылдың 16-17 қазанында облысымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Маямеров келеді. Бас мүфтидің қатысуымен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Заманауи қазақстандық қоғамды рухани тұрғыдан байытудағы діннің рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Сонымен қатар Петропавл қаласында бой көтеретін жаңа мешіттің қазығы қағылатын болады. Ал қасиетті жұма күні «Қызылжар» орталық мешітінде ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров жұма уағызын айтады.

Return to Top ▲Return to Top ▲