«ЖҰМАНҚОЖА» атындағы аудындық мешітке он жыл

«Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының тапсырмасымен қалалық «Нұр» мешітінің имамы Жәпішев Әбілхан және «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Ғ. Мүсірепов ауданында Новоишимка ауылындағы Жұманқожа мешітінің он жылдығына ұйымдастырылған  мерекелік шарасына қатысты.

Мешіттің салынуына тікелей ұйтқы болған және осы он жыл көлемінде мешіттің бүкіл шығындарына (бұған қоса мешіт имамдары мен жұмысшыларының жалақысын төлейді) демеушілік танытып келген  Мұрат Кабенұлына бас имам Кенжетай қажының атынан алғыс хат табыс етілді.

Сондай-ақ аудан көлемінде жастар арасында қазақ күресі ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар берілді. Шара соңында келген қонақтар мен ауыл халқына дастархан жайылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲