Жаңа кітап таныстырылды және талқыланды(фото)

   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының құнды туынды екендігі сөзсіз. Қалыңдығы бір шынаққа жетпейтін бұл кітапта қамтылған мәселелер аз емес: хал үстіндегі ахуал, көз жұмғаннан кейінгі шаралар, мәйітті жуындыру және қабірді зиярат ету туралы.

Бұл кітапта жаназа және жерлеуге қатысты дін рәсімдердің орындалуын бірізділікке түсіру мақсаты көзделген. Өткен айда ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлының қатысуымен өткізілген облыстық семинарда осы кітаптың тұсаукесері өткізілген болатын.

Кітапта қамтылған жайттар Петропавл қалалық «Нұр» мешітінде өткізілген басқосда әңгіме арқауына айналды. Оған осы мешіттің, «Мұхсин» және Қызылжар аудандық «Кәусар» мешіттерінің имамдары мен молдалары қатысты. Кітаптың тұсаукесері өткізілген соң ондағы мәселелер екі сағат бойы талқыланды.

Жиынды жүргізген ҚМДБ –ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жаназа және жерлеу рәсімдерін кеңінен тарқата түсіндірді.

Ол жиналған имам-молдаларға жаназа дастарқанында ысырапқа жол бермеу, зәулім мазарлар тұрғызбау қажеттігін тапсырды. Жерлеу салтын шариғат қағидаларына сәйкес атқару талап етіледі.

Бұл кітаптағы жайттар оразадан кейін тағы да талқыланатын болады.

img_2337

img_2349

img_2354

img_2361

img_2309

img_2365

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲