Жағымды жаңалық

Облысымызға қарасты Уәлиханов ауданының тоғыз дүкенінде қасиетті жұма күні арақ-шарап сатылмайтын болды. Бұған ұйтқы болған аудан имамы Шәкенов Усербай Абдрахманұлы игі шара әкімшілік тарапынан қолдау тапқанын айтып, ризашылығын білдірді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Арақ барлық жамандықтың кілті» дегендей, бұл бағытта амал жасағанның мысалы ретінде осы бастаманы айтсақ артық болмас. Асыл дініміздің қанат жайып, көркейюі үшін жасалған бұл бастама басқа да аудандарда жалғасын тапса нұр үстіне нұр.

Return to Top ▲Return to Top ▲