Бүгінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттердің барлығы да қал қадері келгенше тәуір жұмыс істеп жатыр. Жақсылық пен қайырымдылық жасауда да біздің муфтиат және оған қарасты мешіттер алдарына жан салмай жұмыстарын атқарып жүр. Шалғайдағы Солтүстік Қазақстан облысы да жемісті еңбек етуде. Осы өңірдегі Есіл ауданы Николаевка ауылы «Көбеш» мешітінің имамы Капенов Қуанышбай Жоламанұлы да жолынан жығылмай, 2-топтағы мүгедек, жалғызбасты, жесір әйел Нұртазаева Жұмашпе Дауылбайқызына көмек көрсетіп, сыйлық жасады. 1958 жылы дүниеге келген апамыздың отағасы мен балаларынан, денсаулығынан айырылуы мүмкіндігін шектесе де, үміті зор. Қаяу түскен көңілдерге қуаныш сыйлағанға не жетсін?! Алла Тағаланың разылығы болсын!
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі