Елбасы ҚР тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азғантай және орта дәрежедегі қылмыстар жасаған бірқатар адамдар санатын қылмыстық жауапкершіліктен және жазасын өтеуден босатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

ҚазАқпарат

Return to Top ▲Return to Top ▲