Елімізде мектептердің 98 пайызы Интернетке қосылған

«Елімізде мектептердің 98 пайызы Интернетке қосылған» – деп хабарлайды ҚазАқпарат үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жазап отырып.

Еліміз дамып, болашақ жастарымыз жаңа технологияларды пайдаланып, ғаламтордың пайдалы тұстарын үйреніп шықса игі еді.

Әрине, шетелдерде білімдерін жетілдіру үшін мектеп қабырғасында жүріп ақ қосымша ғаламторды пайдаланады.

Бүгінде елімізде мектеп оқушыларына пайдалы бірнеше сайттар ашылуда, соның бірі Талғат деген бауырымыздың математика пәнінен www.geogebra.kz атты сайты. ол өте пайдалы бағдарламалар жүргізіп келеді. Сол сияқты интернетті мектеп қабырғасынан жақсы жүйелі түрде оқып шықса, болашақ азаматтарымыздан үлкен жетістіктер күтуге болады деп білеміз.

Return to Top ▲Return to Top ▲