«Елбасы жолдауы жарқын болашаққа жетелейді» атты дөңгелек үстел өтті.

Қалалық «НҰР» мешітінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ХДП ғимаратында «Елбасы жолдауы жарқын болашаққа жетелейді» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілхан Балтаұлы Жәпішев ашып, іс-шараның модераторы ретiнде – Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Дилбар Бостандыққызы Бегалина қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына жолдауына кеңінен түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Аталмыш іс-шараға «СҚО дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің бастығы А.М. Жұмағалиева, «Білім партиясы» төрайымы Шарбан Ниғанқызы Таймурина, Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар бастамалар орталығының директоры Рүстем Мұхитұлы Есенбергенов, «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков, «Мухсин» мешітінің бас имамы Абылай Құрсақов қатысты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲