ЕКІ АУДАНДА МӘУЛІТ ТОЙЛАНДЫ

Демалыс күндері Тимирязев және Мамлют аудандарында Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың туған күні Мәуліт мерекесі тойланды. Ауылдағы мұсылман жамағатының қуанышына «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы мен найб имам Қасымхан Исаев ортақтасып, жылдағы игі дәстүр бойынша рухани кеште дәстүрлі дініміз бен ұлттық нақышымыз жаңғырып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды.

Мәуліттің маңыздылығын, дін мен дәстүрді ұштастырған тұсын,  Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауат айтудың саубабы мол екенін  жиналғандарға имамдар жеткізе білді. Діни әндер айтылып, сахнада өлең оқылды. Рухани кештен жақсы әсер алдық, деп тарқасты ауылдықтар.

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі.

DSC02392.jpg (640×427)DSC02227.jpg (640×427) DSC02408.jpg (640×427)DSC02412.jpg (640×427)

Return to Top ▲Return to Top ▲