Екпе егу исламға қайшы ма?

Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында медицина саласы мамандары мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен  екпе егу мәселесі төңірегінде кездесу өтті. Оған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Досаналиев екпе егудің исламға қайшы әрекет еместігін тілге тиек етіп,  қажылық сапарына аттанушы азаматтарға да менингитке қарсы екпе алу міндеттелетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, «аурудың емін іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керектігін, тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзі хадистерінде күніге жеті түйір құрма жеу арқылы  кеселден сақтануды кеңес еткендігін жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲