Бүгін бас қала Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтіп жатыр.
2022 жылы діни сала қызметкерлері жеті бағыт бойынша жемісті еңбек , жақсы нәтиже көрсеткенін барлығымыз білеміз. Ал енді бүгінгі арнайы жиында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жыл өткен жылдан да жақсырақ, жетістігі мол, жүйелі өтуі үшін 5 бағыт бекітілетінін хабарлайды. Аталған 5 бағыт: «дін мен дәстүр; ізгі қоғам; ихсан және насихат; діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру» болды.
Ендігі кезекте бекітілген бағыттарға ерекше көңіл бөліп, елеулі, еңселі жұмыстар атқаруды,ізгі қоғам құруды нәсіп еткей.
Айта кетейік, 2023 жыл «Ислам және ізгі қоғам» деп жарияланды.