Мұсылман жұртшылығын қасиетті Рамазан айт мейрамымен құттықтау мақсатында «Қызылжар» мешітіне католик шіркеуінен А. Попек және православ шіркеуінің секретарі С. Первушин ат басын тіреп келді. Шіркеу өкілдері өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, дін аралық татулық-елдің үйлесім мен тыныштық кепілі екендігін айтты. Конақтарды арнайы ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлымен қалалық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Исаев Қасымхан Абдоллаұлы қарсы алып, алғыстарын білдірді.