БАС МҮФТИ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ (ФОТО)

Алматыда «Достық» спорт кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасында 3-республикалық турнир өтті.

Төл күресімізден өткен додаға әр өңірден іріктеліп шыққан ең мықты 60 балуан күш сынасты. Әр облыстан іріктеліп  шыққан  балуандардың  осалы жоқ. «Достық» спорт кешеніне жанкүйерлер де көп жиналды. Бұл ұлттық спортқа, оның ішінде қазақ күресіне деген құрмет пен қошеметтің деңгейін аңғартса керек. Осылайша, Алматы қаласының төрінде жақсы дәстүр жалғасын тапты.

Игі шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы, Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Хамитов, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Әсет Мәмбетов тамашалады.

Жарыстың  ашылу салтанатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақ күресі – ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнер екенін айта келе, жамағаттың ауыз біршілігін арттыратын бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатынын айтты.

«Қазақ күресі – ұлттық дәстүріміз. Қазақ күресі дәстүрімізбен қоса, дінімізбен де астасып жатыр. Бұл өнер Пайғамбарымыздан (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) келе жатқан сүннет. Алла елшісі бір хадисінде: «Күшті мұсылман Алла Тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ», – деген. Сондықтан, имамдарымыз әр өңірде ұлттық спорттың басқа түрлерінен де жарыстар ұйымдастырып келеді. Мұндай бастамалар қоғамды бірлік пен ынтымаққа, бауырмалдық пен кішіпейілділікке шақырады. Имамдарымыз тек уағыз айтып, мешітте намаз өткізумен шектелмей, халық арасында имандылық пен ауызбіршілікті амалдары арқылы насихаттап келеді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Боз кілемде тер төккен балуандардың арасынан топ жарып сүрінбей өткен  Нұржан Мертаев пен Біржан Молдашев бас жүлдені сарапқа салды. Екі нар жігіттің қайсысы басым түседі деген көптің көкейіндегі сауалға бозкілемдегі белдесу ғана жауап берді. Атадан асып туған Нұржан жанұшыра дем берген жанкүйердің қолдауымен қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен, бас бәйгеге тігілген Үлкен қажылыққа жолдаманы Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Мертаев қанжығасына байлады. Екінші орынды ұтып алған Атырау облысының атынан қатысқан Біржан Молдашев пен үшінші орынды иеленген Алматы облысынан келген Шыңғыс Тұрсынханов Кіші қажылыққа тегін жолдаманы иемденді.

Сонымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бірінші орынды жеңіп алған Нұржан Мертаевтың жаттықтырушысына да Үлкен қажылық сертификатын табыстады.

Әсет БЕКТҰР,

ҚМДБ баспасөз бөлімінің бас маманы

Muftyat.kz

DSC_0037 DSC_6841DSC_6840 DSC_6839 DSC_6838 DSC_6825  DSC_6893 DSC_0062 DSC_6847 DSC_6850DSC_6861 DSC_6860  DSC_6858 DSC_6845  DSC_6857 DSC_0042  DSC_6867 DSC_0057   DSC_6808 DSC_0066 DSC_6670 DSC_6654DSC_6932 DSC_6651 DSC_6667DSC_0591 DSC_0338 DSC_6905  DSC_0580 DSC_7127 DSC_7072 DSC_0445 DSC_0550 DSC_0366 DSC_0355 DSC_0317 DSC_6966 DSC_0345 DSC_7063 DSC_7061 DSC_7057 DSC_6799 DSC_6739 DSC_0458  DSC_0376 DSC_0122 DSC_6988 DSC_6955 DSC_6944 DSC_0486 DSC_6936 DSC_7104 DSC_6933 DSC_6900 DSC_7025 DSC_7021 DSC_7040 DSC_7113  DSC_0482   DSC_6902 DSC_6802 DSC_6777 DSC_6775 DSC_6740 DSC_0048 DSC_6684 DSC_6673

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲