Ақжар ауданында  өткізілген Мәуліт мерекесі

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар  ауданына қарасты Ленинград  ауылында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айы мерекесі аудандық көлемде өткізілді. Оған алыс жақыннан арнайы қонақтар келіп ұйымдастырылған мерекенің куәсі болды.   Аудан  бойынша ауыл молдалары, қажылар, ел ағалары,  ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар және ауыл тұрығындары қатысты. Мереке Кұран оқумен басталып Жиналған кауымға Пайғамбарымыздың (с.а.у)  көркем мінезі өнегелі өмірбаяны жайында,  уағыз насихат айтылып, Мәуліт шәриф оқылды. Мәуліт мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылып  діни ән, күй термелер шырқалып жиын соңында Мәуліт мерекесіне  арналған ас беріліп Кұран бағышланып бата жасалды.

акж.jpg (640×480)

21.jpg (640×480)

Return to Top ▲Return to Top ▲