Ауылда өткен Мәуліт мерекесі

18 ақпан Ақжар ауданы, Ленинград  ауылы «Кіші-Қарой» мешітінің  ұйымдастыруымен, қасиетті Мәуліт мерекесі өтті. Оған аудандық мешіттің  бас имамы Тұрлыбеков А.Б және Ленинград ауыл тұрғындары, мешіт жамағаттары қатысып мәуліт мерекенің  куәсі болды. Аудандық мешіттің бас имамы Тұрлыбеков А.Б Мәулітке жиыналған қауымды,  айтулы мерекемен құттықтап, пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өмірінен сыр шертті. Мәуліт шәріп оқылып, құран бақшыланды.  Рухани кештің соңында  Мәулітке арнайы жайылған дастарханнан ауыл турғындарына,  келген қонақтарға қайырымдылық ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Безымянный 2 45 Безымянный

 

Return to Top ▲Return to Top ▲