18 ақпан Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы «Кәусар» мешітінің ұйымдастыруымен, Қызылжар аудандық Бескөл ауылының мәдениет үйінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Мәулітке «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы  Байкемелұлы, орталық мешіттің наиб имамдары Исаев Қасымхан және Тұяқбаев Бақтығали   қатысты. Өкіл имам Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) өмірбаяны турасында уағыз айтты. Мәуліт оқылып, дұға жасалды.

Мешіт шәкірті Әлихан Алдиярұлы Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) салауат айтты. Мереке барысында мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кішігірім діни тақырып аясында,  концерттік бағдарлама және жергілікті ақындардың қатысуымен айтыс өтті. Мәулітті өткізуге демеушілік көрсеткен азаматтарды өкіл имам алғыс хаттармен марапаттады. Мереке соңында Құс фабрикасының асханасында жиналған жамағатқа ас берілді.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

20160218_113502  20160218_121832                                                          20160218_121433    20160218_123701                                               20160218_122018 20160218_131407  20160218_131624 20160218_132153 20160218_135448 20160218_114849 20160218_115012 20160218_115021

Return to Top ▲Return to Top ▲