Асыл дініміздің құндылықтарымен танысты

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Алыпқашев Аян Болатұлының бастамасымен қаламыздағы №12  орта мектептің оқушылары АллаҺ Тағаланың жердегі үйіне арнайы қадам басып келген еді.

         Бұл шара барысында наиб имам шәкірттерді мешіттің тарихы жайлы айта келе асыл дініміздің құндылықтарын насихаттайтын уағыз-насихат айтты.

Тартымды шара аясында өскелең ұрпақ өкілдері кітапхана және дәрісханаларды аралап, діни әдебиеттермен танысты.

облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲