Аналар мейрамы қарсаныңда облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы дінге жанашырлық танытып, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген теріскейлік нәзік жандыларды құттықтады. Бас имам: «Алла елшісі (с.а.с): «Жұмақ ананың табанының астында», екенін айтты. Яғни, аналар, әйел заты мұсылман үшін құрметті. Көктем айы шуақты мерекелерге толы, соның ішіндегі шоқтығы биігі – аналар мейрамы. Елбасы: «Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз», деген еді. Өйткені, «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Бүгінгі күні Сіздер түрлі салада табысты еңбек етіп жатырсыздар, осылайша еліміздің ілгерілеуіне сүбелі үлес қосып жүрсіздер», деді құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, мереке иелеріне Құттықтау хат, «Дін мен дәстүр» кітабы мен ҚМДБ жанынан шығарылған өсиет ғибратнамалары бар бейнетаспа сыйға тартылды.
Мешіт меймандарымен әңгіме мерекелік дастарқан басында жалғасты, жас ұрпақтың тәрбиесі, мұсылман әйелінің бейнесі, қоғамдағы орны, тағы басқа тақырыптарда сөз қозғады.
СҚО «Қызылжар» орталық
мешітінің баспасөз қызметі.