Арағы жоқ ауыл

30-қаңтарда «Қызылжар» орталық мешітінде құрылған жергілікті уағыз-насихат тобы арнайы Тайынша ауданы Теңдік ауылында болып, жергілікті жастармен кездесті. Топ жетекшісі «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, және топ мүшесі «Қызылжар орталық» мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат  мешітке келген жастарға исламдағы ілімнің маңыздылығы және имамның тұлғалық келбеті жайында уағыз айтты. Айта кететін жайт, Теңдік ауылы имандылықты берік ұстауда тек солтүстік өңірге емес бүкіл Қазақстанға белгілі. Ауылда мүлдем ішімдік сатылмайды.

Return to Top ▲Return to Top ▲