АНА САУЛЫҒЫ МЕН РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

   Астана қаласында, Grand Hotel Esil қонақ үйінің конференц залында «Ана денсаулығы мен репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында басқосу болып өтті. Басқосуға дін өкілдері, атап айтқанда мешіт имамдары мен шіркеу қызметкерлері, сондай-ақ әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері қатысты.

Жиын барысында әйелдерге байланысты орын алып жатқан күрделі мәселелер талқыланды. Басты мақсат сол мәселелерді шешу үшін кеңестер айту, үнқосу болды. Алғаш болып сөз алған халықтың орналасуы мен дамуы бағдарламасының координаторы Молдақұлова Ғазиза бұл басқосулардың бірнеше рет өткізілгенін, оң нәтиже беріп келе жатқандығын жеткізді. Әсіресе, белсенділік танытып жүрген мешіт имамдары мен шіркеу қызметкерлеріне алғысын айтты.

Фотогалерея айдарынан жиын барысында түсірілген суреттерді көре аласыздар.

 muslim.kz сайтынан
Return to Top ▲Return to Top ▲