Алматыда діни көшбасшыларға арналған семинар өтті

Алматы қаласында Республикалық Ана денсаулығы мен репродуктивтік денсаулықты қорғау, гендрлік теңдікті ілгерілету және гендерлік зорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша Үкіметпен өзара іс-қимыл жүргізу жөнінде Ислам және Православилік Христиандық діни көшбасшыларына арналған семинар өтті. Аталмыш жиынға Ақмола облысының өкіл имамы, «Науан Хазрет» мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин, Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит, Алматы қаласы «Вайнах» мешітінің бас имамы Әбдір Мархабай, Алматы облысының өкіл имамы, «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Нұржан Манапбек, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің найб имамы Кәрімбек Дәуітов, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжегулов, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Азамат Сәрсенов қатысты. Сондай-ақ, Провослав шіркеуінен Епископ Каскеленский, Александр Суворов, Александр Иевлев, Орал епархиясының өкілі Александр Пушкин, Шымкент өкілі Игорь Погорелов, Көкшетау епархиясынан Александр Василенко және Алматылық студенттер болды.

Ұлттық ұйымдардан  Ғазиза Молдакулова, басқа да ұйымдардан Галина Гребеникова, Зухра Турганбай да семинарда өз ойлары мен мағұматтарын ортаға салды. Халық қамы үшін бас қосқан өкілдіктер ел ахуалы мен қоғам дамуын сөз етіп, халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғау жайында пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық коммиссияның қамқорлығымен өткен іс-шарада айтылған алуан пікірлер көпшілік ортада талқыға түсіп, ел игілігі үшін қолайлы ұсыныстар жинақталды.

Конференцияда әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдар ендігі  ұлттық конференцияда талқыланбақ.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG-20160512-WA0003 IMG-20160512-WA0001  Photo-1463127483-67473 Photo-1463127484-54410 Photo-1463127492-75215 Photo-1463127487-39997 Photo-1463127486-23794 IMG-20160512-WA0013

Return to Top ▲Return to Top ▲