«Тазалық – иманның жартысы»

    «Тазалық – иманның жартысы» деп хадисте айтылғанындай, жылдағы үрдіс бойынша  Ақжар аудандық «Үлкен-Қарой» мешіті сенбілік өткізді. Бұл сенбілікке мешіт ұжымы бір адамдай атсалысты. Олар осы іс-әрекеттерімен үлкен ауылдың барша тұрғындарына үлгі – өнеге көрсетті.  Алла тағала адамдардан өзiне тапсырылған аманатты, яғни жердi абаттандыруын сұрайды және оны бүлiнушiлiктен қорғауға шақырады. Мешіт жамағатының жыл сайынғы жақсы бастамасы ауыл тұрғындарына қозғау салуға тиіс.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

акжар

Return to Top ▲Return to Top ▲