МЕШІТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

Наурыз 15th, 2023

2005 жылы ресми түрде ашылған мешіттің 2-3 қабаттарына 18 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Осы жылдың басында басталған күрделі жөндеу жұмыстары Алла қаласа рамазан айына дейін аяқталатын болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбарак хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», деген. Демек, мешіт салу, мешітті көркейту – сауабы үзілмейтін садақаның түрі.
Осы игі шараға атсалысып жүрген өңір азаматтарына Алла разы болсын! Алла кәсіптеріне береке, жанұяларына амандық берсін!

Түркияның зілзаладан бүкіл ғимараты қоқыс үйіндісіне айналған апатты аймағында жалғыз мешіт қирамаған

Наурыз 1st, 2023

Түркияның Хатай қаласында жалғыз ескі ақ мешіт қана  құламаған, ешқандай бөлігіне зақым келмеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен бірнеше қала адам тұруға жарамайтын жағдайға жетті. Сондай қалалардың бірі, Хатайда дерлік барлық ғимарат қоқыс үйіндісіне айналған. Бір ғана мешіт құламай, аман қалған.

100-ден аса мешіт орналасқан қалада бұл ақ мешіттің аман қалуы оның ең алғаш салынғаны және сапалы құрылыс материалдарынан қаланып, негізінің мықты болуы себеп болғанын айтып жатыр ондағы қазақ еріктілері.

Ақпарат islam.kz сайтынан алынды.

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Ақпан 27th, 2023

        Мешітімізде Ақпан айы Абай айы аталып, тұлғаның өзінен, сөзінен үлгі-өнеге алу көзделді. Осындай мақсатта, ақпан айының 25-жұлдызы С. Мұқанов атындағы кітапханада арнайы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелге Қазақстан білім беру саласының құрметті қызметкері, еңбек сіңірген қайраткері, Абайтанушы Зарқын Сыздықұлы мен үздік оқытушы, Абайтанушы Жазира Көкбасқызы шақырылды. 

Тыңдарман болып қатысқан шәкірттерге Абайдың шыққан тегі балалық шағынан бастап айтып, шығармашылығын қамтып, қара сөздерімен қорытындылады.  Сонымен қатар мешітіміздің шәкірттері жаттаған қара сөздері мен өлеңдерін айтып қуантып қойды. Тұлға болып қалыптаспаққа ұлылардан алған тағылым, тәрбие тірек болса керек. Ендеше, тұлғаны танып, өмірінен өнеге алуды әдетке айналдыралық!

Діни біліктілік курсы өз мәресіне жетті

Ақпан 27th, 2023

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде 13-24 ақпан аралығында діни біліктілік курсы ұйымдастырылған болатын.

Курс барысында:

• пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын )  өмірбаяны

•тәжуид

•Құран

•ақида

• фиқһ сабақтары

• діни құжаттарды сауатты толтыру басты назарға алынды. 

  Курсқа Солтүстік Қазақстан облысы төңірегінен 10 адам қатысты. 

Ақпан айының 24-жұлдызы аталған курстың соңғы күні есептеліп, байқау сынақ тесті алынды. Курс соңында нәтижелі аяқтап, білімін арттыра түскен шәкірттерге арнайы сертификат табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында

Ақпан 17th, 2023

       Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылына арнайы іссапармен барды.

      Естеріңізде болса, 2022 жылдың қазан айында Сыздықов Бақыт ағамыз Бәйтерек ауылдық мешітіне имамдық қызметке тағайындалған болатын. Бүгін де жамағат жиналып, жұма уағызын тыңдап, намаз өткізіліп жүр. Құрылыс жұмыстары жалғасын тауып, мешіт жанындағы аяқталмаған жұмыстар қолға алынды.

      Құрбан айтқа дейін құрылысты аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.Ауыл тұрғындары болса, Бақыт имамның басшылыққа алып, атқарған жұмыстарына дән риза.

Return to Top ▲Return to Top ▲