Қалалық «Нұр» мешітіне «әйел-қыздар» жамағатыныың ұстазы тағайындалды

Ақпан 9th, 2023

Абдувалинова Жания Бақытқызы «Нұр» мешітінде «әйел-қыздар» жамағатының ұстазы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Жания ұстаз Абай облысы, Ұржар ауданы, Бақты ауылында дүниеге келген.

• 2017 жылы Талғар қыздар дайындық курсында білім алған.

• «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне «исламтану» мамандығына оқуға түсіп, 2022 жылы тәмамдаған.

• Оқумен қатар Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылында «Зам-зам» мешітінде өндірістік практикадан кейін ұстаз болып қызмет атқарған.

• Талғар қаласындағы қыздар дайындық курсында кішкентай қыз балаларға арналған жаздық лагерьде тәрбиеші-ұстаз қызметінде болған.

«Береке» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Ақпан 3rd, 2023

         Бүгін, ақпан айының 3-жұлдызы жұма күні Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Абдулла Мухаммад Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның «Береке» мешітіне бас имам қызметіне тағайындалды. 

       Айта кетейік, Абдулла Мухаммад Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясын тәмамдап, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға түсті. Исламтану мамандығы бойынша 4 жыл білім алып, 2,5 жыл наиб имам қызметін атқарған.

Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Қаңтар 29th, 2023

        Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайдалин Айбек Оразымбетұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мешітіндегі бас имам қызметінен босатылып,  Қызылжар ауданы «Кәусар» мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды. Жамағат алдында аталған бұйрықты Жұмажанов Мақсат Аманжолұлы таныстырды.

        Жұма күнгі «Қасиетті Құранға құрмет көрсету» тақырыбы бойынша уағыз айтылып, жамағатпен жұма намазы оқылды.

        Жаңа қызметке тағайындалған наиб имам Айбек Оразымбетұлына сәттілік тілейміз.

Дін саласы енді басты 5 бағытқа басымдық береді

Қаңтар 26th, 2023

Бүгін бас қала Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтіп жатыр.

СҚО: Мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріп берді

Қаңтар 25th, 2023

«Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыс Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен «Зекет» қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы бастап қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Жиырмаға жуық отбасыға азық-түлік ( картоп, ұн, сүт өнімдері,..) таратып, жағдайларымен танысты.

Сонымен қатар алдағы уақытта да осындай қайырымдылық іс-шаралары жалғасын табатынын айтып жалпы халықты қуантып қойды.

Return to Top ▲Return to Top ▲