Шәһид үкiмi

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Шариатта шәһид деп Алла жолындағы соғыста қаза тапқан адам айтады.

Шәһид екіге бөлiнедi:

І. Кәмiл шәһид (толық шаһид) – бұл дүниеде де, ахиретте де шәһид болып саналатын кiсi. Кәмiл шәһид болуы үшiн бес шарт бар:

1. Саналы, ақыл-есі бүтін болу;
2. Кәмелетке толған болу;
3. Мұсылман болу;
4. Сол жерде көз жұму;

Ол өзiне тиген соққыдан емделмей, тамақ жемей, су ішпей, ұйықтамай және құлаған жерiнен басқа жерге апарылмай (мысалы шатырға, үйдiң немесе бөлменiң iшiне тасылмай және бiр намаз уақыты өтпей) мерт болса ғана кәміл шәһид болып есептеледi.

Кәмiл шәһид үкiмi: Шәһидке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiс тазартылады. Оны мерт болған күйiнде, қалың киiмдерi мен қарулары шешiп алынып, жеңіл киiмiмен жерлейдi. Шәһид өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа оқылып жерленеді.

ІІ. Ақыреттегi шәһидтер:

Бұған зұлымдықпен өлтірілсе де жүніп болған адам, әйтпесе хайызды немесе нифасты әйел, не болмаса алған жарақатынан кейін көп уақыт өткен соң өлген адам, немесе сәби бала, есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтiрiлген кiсi кәміл шаһидке жатпайды, бірақ ақыретте шәһид деп саналады. Мұндай шәһидтерге қиямет күнi Аллаһ тағала тарапынан уәде етiлген сауап беріледі.

Бұлардың кәміл шәһидтерден айырмашылығы – оларды жуып, кебiндеп, жаназасын шығарады. Осы ақырет шәһидтерi қатарына суға батып немесе өртенiп өлген, үстiн дуал немесе сол сияқты бiр нәрсе басып қалған адам, сапардағы жолаушы, оба, тырысқақ ауруынан немесе дәрi-дәрмектен уланып өлген, iшi өтiп қайтыс болған, эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаян шаққан, т.б және де осылардың қатарына iлiм іздеп жүрiп қайтқан және жұма қарсаңындағы түнде қайтыс болған кiсiлер жатады. Олар ақырет шаһидтері болса да жуылып, кебінделіп жаназа намазы оқылады.

Return to Top ▲Return to Top ▲