Әмина Мослер ханым: Бүкіл жақсы нәрселерді христиан дінінен емес, мұсылман дінінен таптым


Ұлымның Жаратушы және жаратылыс жөніндегі сұрақтарына жауап таба алмай қиналатынмын. Ол менен: «Анашым, Құдай не үшін үшеу?» деп сұрайтын, өзім де «осы Тәңір неге үшеу» деп, таң қалатын едім. Бір күні анағұрлым ержетіп қалған ұлым алдыма жылап келіп: «Анашым, мен мұсылман дінін тексердім. Мұсылмандар жалғыз Тәңірге сиынады. Олардың діні ең тура дін. Мен мұсылман болуға ниет еттім. Сіз де маған еріңіз!» деп жалына бастады.

Оның талабына байланысты мен де Ислам дінін үйренуге кірістім. Берлиннің орталық мешітіне бардым. Мешіттің имамы мені өте жақсы қабыл етіп, Ислам дінінің негіздері туралы мағлұмат берді. Ол түсіндірген сайын сөздерінің нендей тура және қисындылығын байқадым.

Сол себепті, мен де ұлыма ұқсап Ислам дінінің хақ дін екендігіне сендім. Мен жас кезімде түсіне алмаған және ақылыма еш симаған «Үш Тәңір» ақидасын Ислам діні түгелдей бекер етіп жіберді. Мұсылмангершілікті терең зерттегенімнен соң, күнәні шығару, Папаны күнәсіз, айыпсыз бір кешіруші сипатында қабыл ету, вафтиз (яғни, күнә істемеуші) және осыған ұқсас бірнеше рәсімдердің қаншалық мағынасыз, бекер және зиянды екенін түсіндім және де бүкіл бұл қисынсыз әдет ғұрыптарды тастап, жалғыз хақ дін болған Ислам дінін қабылдадым.

Ата бабаларымның барлығы фанатик христиан болған. Өз басым католик ғибадатханансында бойжетіп толық христиан дінінде тәрбиеленгенмін. Бұл діни тәрбие мені Алла Тағалаға жетектеуші хақ дінді таңдауыма жәрдем берді. Өйткені тәрбие кезінде маған үйретілген бүкіл жақсы нәрселерді христиан дінінен емес, мұсылман дінінен таптым. Ислам дінін қабыл ету мен үшін үлкен бір бақыт және абырой.

Бүгін әже болып немерелерімнің дүниеге мұсылман болып келіп жатқанынан өте бақыттымын. Біліп тұрмын, Алла Тағала Өзі тура жолға бастаған пенделеріне әрдайым жетекшілік етеді.

 

www.namys.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲