«YAHOО» РАМАЗАНҒА АРНАЛҒАН САЙТ АШТЫ

Жаңа сайттың мекен-жайы: maktoob.ramadan.yahoo.com. Онда Ислам мен оның құндылықтары туралы мақалалар мен бейнетаспалар, әртүрлі елдердегі мұсылмандардың намаз және ауызашар уақыттары, жаңалықтар, исламдық бағдарламалар, ойындар, т.б. болады.

«Yahoо»-дің Таяу Шығыстағы жетекшісі Ахмед Нассефтің айтуынша, бұл сайттан әлемге әйгілі адамдардың қалай ораза тұтатыны, мұсылмандар тағамы туралы да көптеген мәліметтер алуға мүм-кіндік болмақ.

Сайтқа кіретін адамдар өздерінің оразаны қалай ұстайтыны туралы да жазып, суретімен жариялай алады. Оразаның соңында солардың арасынан дауыс беру арқылы жеңімпаздары анықталып, оларға iPod кішігірім компьютерлері табыс етілмек.

www.muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲