Қызылжар орталық мешітінде әйел жамағатына семинар өткізілді

  • 117 рет оқылды
  • ҚМДБ-ның Петропавл қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жергілікті әйел жамағатқа арналған халал турасында оқу-семинар өткізілді. Семинарға «Халал Даму» технологы Омарова Айжан қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – от анасы, әйел қауымның дініміздегі халал мәселесі жөнінде ақпарат беріп, білімін жетілдіруге негізделген. «Ас – адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Өйткені, ол – бойға қуат сыйлайтын тәннің азығы, Алланың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда отбасына ас даярлау барысында әйел қауымы азық-түліктің халал-харамдығына мән бермей жатады. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Арамнан желініп-ішілген нәрсе қырық күн бойы бойда сақталады»,- дейді. Тағы бір хадисінде: «Адал жеу – сауап, арам жеу – күнә»,- деген. Олай болса, ішер және ұсынар асымыз қалай әрі неден жасалғанына, құрамына, халал сертификаты бар-жоқтығына мән бергеніміз жөн. Себебі, халал ас жеу – Алланың әміріне бойұсыну», – деген Омарова Айжан халал өнім өндіру технологиясы, тағамдық қоспалардың құрамы мен бөлінісі жөнінде мағлұмат берді. Айта кетейік, қазіргі таңда технологтардың қатысуымен Петропавл өңіріндегі кәсіпорындарда аудит жүргізілуде.
    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲