СҚО: кәсіпорындар тексерілді

«Халал Дамудың» бас сарапшысы Айжан Омарова мен СҚО бойынша жауапты өкіл Мақсат Аманжолов жергілікті кәсіпорындарда тексеріс жүргізді.

Сертификатталған «CTR Chicken» фаст-фуд өнімдер желісін, «Bey», «Компот» және «QMDB Halal» сертификатын алуға ниетті ұн өндірісі тексерілді. 

Тексеріс барысында мейрамханалар мен асханалардың ас мәзірінен бастап, мекеме қызметкерлердің «Халал» стандартқа сай жұмыстарын бақылады.

Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық болмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті.

Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасатын болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲