ҚЫЗЫЛЖАРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

  • 222 рет оқылды
  • Қаңтар айының 15-жұлдызында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 24 жасқа дейінгі шәкірттер арасында «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран жарысы өз мәресіне жетті.

    Байқауға облыс бойынша 60-қа тарта шәкірт қатысты. Сайыс келесі номинациялар бойынша өтті: 2 пара, 1,5 пара, 1 пара, 0,5 пара, 22-сүре және мәнерлеп оқу. Шәкірттер Құран жаттап қана қоймай, әртүрлі тақырыптарда пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін, қазақ ұлыларының сөзін мүдірмей жатқа айтып берді.
    Сайыс жеңімпаздары:
    1- Мәнерлеп оқудан – Серік Кәусар;
    2- 22 сүре бойынша – Сүндет Аяла;
    3- 0,5 пара бойынша – Сайидрахим Фатима;
    4- 1-пара бойынша – Серік Мухаммад;
    5- 1,5 пара бойынша – Шехиден Ибраһим;
    6- 2 пара бойынша – Шехиден Абдулазиз;
    Жалпы жүлде қоры – 700 мың теңге;
    Аталған сайыстың жүлдеқорына өңіріміздің дін жанашыры Шаймерденов Біржан ағамыз демеушілік жасады. Аллаһым барша қайырымды жандарға, осы бүлдіршіндерді тәрбиелеген ұстаздарға, ата-аналарына Құранның берекесін нәсіп еткей. Бұндай игі шаралар болашақта жалғасын табады деген үміттеміз. Алла дінімізді үстем қылғай!

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲