«Зекет» қоры жайлы естуіңіз бар ма?

          «Qyzyljar» қалалық мешітіне «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы келді. Қалалық және аудандық имамдардың қатысуымен «Еріктілер – қайырымдылық жаршысы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 

Семинар-тренинг барысында «Зекет» қорының басты мақсаты түсіндіріліп, негізгі мәселелер талқыға түсті. Басты мәселе «Зекет»  қоры туралы жамағатқа, жалпы халыққа жеткізу болса, тағы бір мәселе – волонтерлар жайлы болды.

 Ерікті деген кім? «Зекет» қорының «Qaiyrymdy jandar» волонтерларының негізгі ұстанымы мен мақсаты қандай? Волонтер,яғни ерікті дегеніміз қандай адам? Осы сұрақтардың жауабы айтылып, жұмыс барысы қалай болатыны түсіндірілді. 

Қоғам арасында жанашырлық, мейірімділік, қамқорлықты нығайту керегі баса айтылды.

<div class="clearfix"></div>
Return to Top ▲Return to Top ▲