“АСАР ЖОЛЫ” АКЦИЯСЫ СҚО-ҒА ЖЕТТІ

Солтүстік Қазақстан облысына «Асар жолы» акциясы жетті. Шаһар жұрты «Asar Ume» қайырымдылық қорының өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Енді алдағы күндері өңірде «Асар жолы» қайырымдылық акциясы өтеді.

Жоба аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетумен қатар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу жоспарланған. Осы орайда ұйымдастырушылар қаланың кіреберісінде ақ шаңқаң киіз үй тігіп, келген қонақтарға ақ дастархан жайды.

Іс-шараға облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, аталмыш қайырымдылық шарасына қолдау білдіре келе жиналғандарға бата берді.

Еске сала кетейік, Елордада басталған «Асар жолы» акциясы 2,5 айдың ішінде қайырымды жандар 20 өңірдегі азаматтарға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Соңғы 3 жылда қор 440 отбасыға баспана сыйланған.

Return to Top ▲Return to Top ▲