БАС ИМАМ МАМЛЮТ АУДАНЫНДА

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков іс-сапармен Мамлют ауданына барды. Сапар барысында алдымен өңірдің бас имамы аталған ауданның басшылығымен кездесіп, діни ахуал талқыланды.

Содан кейін өңірдің бас имамы аудан орталығында 2019 жылдан бастап салынып жатқан мешіттің құрылыс барысымен танысты. Қазір ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Демеушілердің көмегімен тұрғызылып жатқан ғибадат үйі сәтін салса келесі жылы қолданысқа беріледі.

Кейін Хамзат Қажымұратұлы аудан орталығындағы мешітке барып, жергілікті жамағатпен кездесті. Қасиетті жұма уағызын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲