ҚМДБ: ТӨРТ АЙДА 11 МИЛЛИОН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың алғашқы төрт айында 11 502 635 мешітке келуші жамағатқа уағыз-насихат айтылды. Бұл туралы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мәлімдеді.

Еліміздің имамдары республика бойынша 43 376 уағыз айтса, оның 42 642-сі қазақ тілінде, қалған 417-сі орыс тілінде жүргізілген. Сондай-ақ мешіт имамдары 38 029, Жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелері 4908, ал Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері ел аумағында 438 уағыз-насихат айтқан. 

Return to Top ▲Return to Top ▲