ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНДА 1 015 610 АДАМҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

  • 15 рет оқылды
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айында жомарт жандардың демеуімен бірқатар іс-шара атқарып, елдің алғысына бөленді.

    Атап айтқанда, елімізде қордың ауқымды жобаларының бірі «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша 15 мұқтаж отбасыға 15 үйдің кілті берілді. Науқас жандарды, әсіресе ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилерді қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» және «Үміт сыйла сәбиге» акциялары аясында өтініш білдірген 2 102 адамның еміне көмек көрсетілді. Одан бөлек әлеуметтік желілерде жарияланған бір көзін зақымдап алған 9 жасар Диананың өтініші ескеріліп, оған Түркия мемлекетінде ота жасауға қаржылай көмек берілді. Сонымен бірге Мүмкіндігі шектеулі 11 балаға қолданысына қажетті заттар алып берілсе, Зағиптар қоғамының өтініші бойынша «шоудаун» теннис үстеліне көмек көрсетілді.

    «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айында дін саласында білім алып жатқан шәкірттерді де қуантты. Мәселен «Мешіт пен медреселерге көмек» жобасы аясында 272 мешіт-медрсеге және дін саласында оқып жатқан шәкірттерге демеушілердің қолдауымен көмек жасалды. Сондай-ақ «ҚМДБ гранты» акциясы бойынша Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан 7  шәкірттің жылдық оқу ақысы төленді. Жалпы ҚМДБ өкілдіктерінің қолдауымен 30 шәкірттің оқу ақысын төлеу жоспарлануда дейді қор мамандары.

    «Тайқазан» және «Қайырымды жұма» жобалары аясында демеушілердің қолдауымен 74 867 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілсе, «Ауызашар себеті» акциясы аясында 30 күн бойы 920 133 адамға ауызашар себеттері таратылды. Мешіттер жанындағы қайырымдылық дүкендері арқылы 1788 отбасыға киім-кешек таратылды.

    «Қиындықта ел бірге» жобасымен биыл су басқан Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын ауылының тұрғындарына көрпе-төсеніштерін алып берілсе, Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай  ауылына азық-түлік, киім-кешек және күнделікті тұрмысқа  қажет  заттар  жөнелтілді.

    Қордың бірегей жобаларының бірі «Жылулық сыйла» акциясы бойынша 3946 отбасыға коммуналдық қызмет төлемдеріне көмек көрсетілсе, 902 отбасыға ірі көлемде ет таратылды. Сондай-ақ «Көшпелі қайырымдылық керуені» қайырымдылық жобасы 3101 отбасыға қаржылай және киім-кешек түрінде көмек көрсетілді.

    Ата-ана қамқорлығынан айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартқан балаларды қолдау мақсатында «Жетім көрсең, жебей жүр» жобасы аясында 4035 жетім балаға әртүрлі көмек берілді. Ал «Аналарға тосын сый» жобасы аясында 419 анаға тосын сый берілді.

    «Зекет және қайырымдылық» қоры мамандардың біліктілігін арттыру мен қор жұмысын дамыту мақсатында арнайы іс-шараларды қолға алды. Мәселен Рамазан айында зекет өкілдері және мешіт қызметкерлеріне 4 оқу-әдістемелік, практикалық семинар өткізілсе, зекет пен қайырымдылық туралы 25 бейне ролик түсіріліп, баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілерде 30-ға жуық сұхбат берілді.

    Қорыта келгенде «Зекет және қайырымдылық» қоры және өкілдіктердің ұйымдастыруымен Рамазан айында 6 476 қайырымдылық іс-шарасы атқарылса, «Қолдан – қолға» жобасы аясында 4 865 адамға қаржылай зекет берілді. Барлық жоба бойынша түйіндей келгенде, бір айда 1 015 610 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲