СҚО-ДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыс өтті.

Мұратбек Бақыұлын еске алуға орай өткізілген жарыста облыс көлеміндегі мешіт шәкірттері қатысты. ҚМДБ-ның СҚО өкілі, Бас имам Хамзат Қажымұратұлының айтуынша, аймағымыздағы мешіт имамдары мен ұстаздарымыз жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушылықтарын арттырып, елімізге белгілі қарилар шығару мақсатында облыс, қала мешіт көлемінде шәкірттер арасында осы сынды сайыстарды жылдағы дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған облыстық Құран жарысында 100-ге тарта қатысушы құранды жатқа және мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Сайыстың қорытындысы бойынша:Құранның бір жарым парасын жатқа оқу бойыншаБас жүлде – Мухсина Зулфукарова (Ұмра қажылығы) І-орын – Серкеш Омар ІІ-орын – Шайхиден Абдулазиз ІІІ-орын – Ербол Қадыр Құранның бір парасын жатқа оқу бойыншаІ-орын – Әли Қасымов ІІ-орын – Нұрислам Омарбеков ІІІ-орын – Юсуф Ятимов Құранның жарты парасын жатқа оқу бойыншаІ-орын – Әлихан Танатқанов ІІ-орын -Сайидрахим Мухаммадамин ІІІ-орын – Әлжан Дінмұхаммед жеңімпаз деп танылып, арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲