НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

  • 163 рет оқылды
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына іс-сапары барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен қос пәтердің кілтін табыстады.

    Осылайша қасиетті Рамазан айында аталмыш қайырымдылық жобасы аясында 540 және 541-баспана кілті иелеріне табысталды. Қуанышқа бөленген жаңа пәтер иелері, баспанаға мұқтаж көпбалалы аналар – Эльмира Мамырбаева мен Гүлжауһар Маралова.

    Алматы қаласы бойынша 15, 16-баспананың кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қоныс иелеріне ақжарма ақ тілегін арнады.

    «Жаңа пәтерлеріңізді Алла құтты етсін, іші жанға, сырты малға толсын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз елге қайырлы азамат болып жетіле берсін. Қолдау көрсеткен азаматтарға, игі іске ұйытқы болған имамдарымызға Алла разы болсын» деді ҚМДБ Төрағасы.

    Айта кетейік, қайырымдылық шарасы Алатау және Түрксіб аудандары имамдарының тікелей ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.  

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲