АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СҚО қарасты Аққайың ауданына ҚМДБ Төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа бас имам болып Ақылбек Бердібеков тағайындалды.

Жамағат алдында “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Бас мүфти бұйрығын оқып, жаңа Аққайың ауданының бас имамын таныстырып өтті.

Мешіт жамағатына жаңа имам жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен Хамзат Қажымұратұлы Ақылбек Бердібековті жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲