ИМАМДАР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

  • 184 рет оқылды
  • Шал ақын аудандық “Сейдахмет Хазрет” мешітінде облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен облыс имамдарының жылдық есептік жиналысы өтті.

    2021 жылғы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты. Жиын барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген 7 бағыт бойынша атқарылған істердің қорытындысы шығарылды.

    Яғни, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары және аудандардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет берілді.

    Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы аталған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы қызмет барысында сәттілік тілеп, келер жылға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲