СҚО БАС ИМАМЫ ІС-САПАРМЕН ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ АҚЖАР АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ

Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы іс-сапармен шалғай жатқан Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы ауыл-аймақтарға барып, жергілікті жамағатпен кездесу өткізді.

Оның барысында өңірдің бас имамы жиналғандарға білім алудың абзалдығы мен  вакцинацияның маңыздылығы жайында тәптіштеп түсіндіріп берді. Яғни ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, шариғатымыз да денсаулық мәселесінде «әр аурудың шипасы бар, емделіңдер» деп мұқияттылық танытуды талап етеді.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Сондықтан білім алуға ұмтылу қажет. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде қала мешіттерінің көбі жұқпалы індеттің таралуын болдырмау мақсатында вакцина алған болатын. Осы сынды кездесулер басқа да елді мекендерде де жалғасын табады.

Return to Top ▲Return to Top ▲