ӨҢІР ИМАМДАРЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Өршіп тұрған жұқпалы індет әлі күнге дейін көпшілікті дүрліктіруін жалғасуда. Қазіргі уақытта аурудың таралуының болдырмау үшін вакцина алу маңызды. 

Шариғатымыз да денсаулық мәселесінде «әр аурудың шипасы бар, емделіңдер» деп мұқияттылық танытуды талап етеді. Мұны облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы мен наиб имамдары қолдап, қалалық №4 қалалық емханада VERO CELL вакцинасын алды. Осылайша мешіт қызметкерлері ұжымдық иммунитет қалыптастырды.

Айта кетейік, енді вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салдыруға болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲