Бүгін «Қызылжар» орталық мешітінде Бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы еліміздің барша мешіттерінде «Сабыр түбі-сары алтын» атты тақырыпта жұма уағызын айтты. Уағыз соңында тілсіз жаудан дүниеден өткен 5 қыз баламыздың ата-анасының қайғысына ортақтасып, намаздан соң құран оқып хатым дұға жасады.
«Қызылжар» баспасөз қызметі