Қызлжардағы: сауат ашу курсы

Өңірді сауатты діни мамандармен қанымдау мақсатында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан өкілдігі аудандармен ауылдардағы имамдыққа бейімі бар азаматтарды жинап 2 апталық курсын бастады. Оқу курсында білім алғандар, өкілдік тарапынан арнайы сертификат алып, молдасы жоқ мешіттерге жұмыс жасайды.

Бүгін жиырмаға жуық оқу курсына келген азаматтар, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің дәрісханасында оқып, жергілікті мешіттердің білікті имамдарынан дәріс алуда.

«Ең алдымен шәкірттерге қысқа мерзім ішінде сапалы білім беру басты мақсат ретінде көзделген. Біз осы курсты ұйымдастыру арқылы, өңіріміздегі имамы жоқ мешіттерді имам-молдалармен қамдау мәселесі шешілмек. Бүгінгі таңда ауылдарды сауатты, имам-молдалармен қамдау өңірдегі басты мәселе болып отыр», – деп атап өтті өкіл имам Кенжетай қажы Байкемелұлы.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

 баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲