Қайырымдылық акциясы

ҚМДБ-ның  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімі мен қаламыздың мешіттері бірігіп, аязды күндері көше аялдамаларындағы жолаушыларға «Тегін такси» қызметін көрсетіп, үйлеріне жеткізіп салу қайрымдылық шарасын өткізді.

«Тегін такси» қызметін ұсынушы намазхандар орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды адамдар көп жиналатын жерлерге барып, қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.

Халық осындай ізгі шараға разылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲