ТЕМІРЛАН ДАРХАНҰЛЫ – СҚО-ДА

ҚМДБ республикалық насихат тобының мүшесі, Астана қаласы, «Әзірет-Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Дарханұлы болды.

Темірлан Дарханұлының өңірге сапары «Қызылжар» орталық мешітінен басталды. Жамағатқа жайылған дастархан басында «Алла елшісінің тақуалығы мен қарапайым өмір сүру өнегесі» тақырыбында уағыз насихат айтты.

Сонымен қатар, құптан намазы алдында қала, аудан, ауылдан жиналған ағайынға «Ислам бауырмашылық пен бірлікке үндейді» тақырыбы төңірегінде уағыз жүргізді.

Сапардың екінші күні Темірлан Дарханұлы «Qyzyljar» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына сұхбат берді. Онда «Мұсылман шарғыс айтпайды» тақырыбы арқау болды.

Сондай-ақ, қала, аудан бас имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында семинар өткізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲