ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

СҚО/// «ҮЛКЕН-ҚАРОЙ» аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Ержан Көкен 2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Үлкен-Қарой мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды. Арнайы іссапармен келген «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы  Алыпқашов Аян наиб имам Ержан Көкенді жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қызылжар орталық мешітінің уағыз-насихат бөлімінің іс-жоспарына сәйкес Қызылжар қалалық мешітінің ұстазы Уағазов Арман жұма намазына жиналған жамағатқа, әсіресе жастарға  жат ағымның алдын алу, білім алудың пайдасы, ата-ананы құрметтеу, мейірімділік туралы уағыз-насихат

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО/// МЕШІТТЕ  ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Облыс орталығындағы «Қызылжар орталық» мешіті 2005 жылы құрылысы аяқталып пайдалануға берілген.  Бұл Алланың үйі ұзақ жылдар, яғни 18 жылға жуық жамағатты имандылыққа шақырған құтты орын екені көпшілікке мәлім. Осы жылдар ішіндегі сол аумақтағы жамағатты имандылыққа ұйытып келе жатқан ғибадат орнына келушілердің саны жыл санап артып келеді.

Биылғы жылы мешіттің ішіне күрделі жөндеу жүргізіліп, ауласына ағаштар отырғызылды,  асфальт төселді. Оған қасиетті орынды аялаған мешіт қызметкерлерінің қамқорлығы мен Алла үйіне деген шарапаты мол демеуші азаматтардың жанашырлық танытуы зор демеу болды.

Мешіттің екінші және үшінші қабаты қайта сырланып, жарық шамдары да толық жаңартылды. Айта кету керек, мешіттің намаз оқитын  биік бөлмелеріндегі қымбат бағалы аспа шамдарын тазалауға арнайы мамандар шақыртылды. Мешіттегі намазханаларда тұрған үлкен сағаттардың да ескіруіне байланысты көрнекті үлкен 4 сағат орнатылды. Бүгінгі таңда мешіттің ішкі келбетіде, жарқыраған аспалы шамдар да келуші қонақтарға көрік беріп, алыстан мен мұндалап тұр.

Сонымен бірге ерлер мен әйелдерге арналған дәретханалардың да су құбырлары мен мен су шүмектері толықтай жаңартылды. Тозығы жеткен кәріз жүйелері де ауыстырылды. Ең бастысы қауіпсіздік жағдайлары ескеріліп, өрттен сақтандыру жұмыстары жүргізілді. Көктем кезінде қалалық мешіттердің маңайына және қала көшелеріне барлығы 250 ағаш отырғызылды.

Айта кетерлік тағы бір жағымды жаңалық, екінші қабатта «Медиастудия» қабырғасы салынуда. Онда бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беру, кездесу, уағыз айту және басқа да ақпараттық жұмыстар жүргізілетін болады.

Мешітке келуші әрбір адам тазалық, ұқыптылық және мәдениеттілікті сезінуі тиіс. Осы орайда киім ілгіш пен аяқ киімдер тұратын орындардың таза, ыңғайлы болуы үшін киімжай жиһазы сатып алынды.

Мешіттің асханасындағы тамақ пісіретін орындардың құрал-жабдықтары жаңартылды, су кәріздері ауыстырылды. Ауладағы тозығы жеткен тас төсеніштер де жаңартылуда. Баспалдақтардың жақтаулары мен бетіне керамика төсеніштер жапсырылып жатыр.

Өңіріміздегі мұсылман қауымының сұранысына орай, мешіттің жанынан үлкен асхананың құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда құрылыстың 60 пайызы бітуге жақын. Жертөлесімен бірге салынып жатқан үлкен асхана заманауи және сапалы салынуы үнемі бақылауда. Осы аталған құрылыс жұмыстарын толықтай  жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Өңірімізде Алланың үйіне демеуші болып, қолұшын созып жүрген атын атағанды жөн көрмейтін жомарт кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы атқарылған жұмыстың барлығына демеушілердің қолдауымен қомақты қаражат жұмсалып жатыр. Атап айтқанда, мешіттің ауласын асфальттауға 15 миллион теңге, мешіттің бірінші және екінші қабаттарын жөндеуге, сырлауға, тағы басқа жөндеу жұмыстарына 6 миллионға жуық қаржы жұмсалған.  800 мың теңгеге киімжай жаңартылды. Одан басқа да жаңарту, жөндеу жұмыстарына демеуші болып жатқан азаматтарға Алла разы болсын дейміз.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО /// ЗИЯН ӘДЕТТЕР ТУРАЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

Қызылжар ауданына «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Керімжанов Ринат және «Нұр» қалалық мешітінің наиб имамы Қарабек Бекдәулет арнайы іссапармен барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, иман, ихсан, құмар ойынның зардаптары, білім алудың пайдасы, арақ-шараптың зардабы туралы  уағыз айтты. Жастармен пікір алысып, әңгімелесті.

СҚО /// АҚПАРАТ –НАСИХАТ ТОБЫ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Жұмажанов Мақсат және  «Қызылжар» қалалық мешітінің наиб имамы Магомедов Нұрлан Шал ақын ауданына барып, аудандағы имам-молдалармен кездесу өткізді. Сонымен қатар аудандағы орталық кітапханада тұрғындарға имандылық тақырыбында ихсан, құмар ойынның зардаптары, білім алудың пайдасы, арақ-шараптың зардабы туралы  уағыз-насихат айтты.

СҚО///  Мешітте «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы жалғасуда

Солтүстік Қазақстан өңірінде “Зекет” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы ұйымдастырылды.

        Акция мектеп оқушыларына – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барлық қажетті көмекті көрсетуге арналған.

Игі шараға СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және СҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Исаев Қасымхан қатысып, ізгі іс жасады.

Жалпы шара аясында қала, аудан  мешіттерінің ұйымдастыруы арқылы көп балалы және жалғызбасты аналар, өтініш жасаған отбасыларға көмек қолы созылып, Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша барлығы 200  балаға мектеп сумкасы мен оқу жабдықтары үлестірілді. 

“Зекет” қайырымдылық қорының “Мектепке жол” акциясына 2 млн-ға жуық қаражат жұмсалды. «Зекет және қайырымдылық» қорының мүшелеріне оқушылардың ата-аналары да алғысын білдіруде.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО/// «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!»

2023 жылдың 26 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Петропавл қаласында «Жастар» стадионының базасында «Жаңа Қазақстанда терроризмге жол жоқ!» атты өңірдің діни қызметкерлері мен діндар адамдарға арналған спорттық іс-шаралар кешені ашылды.

Іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни қызметкерлер мен халықтың діндар бөлігі арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Іс-шараға діни қызметкерлер, діни бірлестіктердің өкілдері, халықтың діндар бөлігі, жастар қатысты.

Командалар: «Қызылжар» облыстық орталық мешіті», «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, «Нұр» қалалық мешіті, «Қызылжар» қалалық мешіті, Бескөл а. «Кәусар» аудандық мешіті, Петропавл және Булаев Епархиясы, сондай – ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде турнирге Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христиандар одағының өкілдері – “Благодать” пресвитериан шіркеуі қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орын – «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, 2 орын – «Қызылжар» облыстық орталық мешіті, 3 орын – «Нұр» қалалық мешітіне бұйырды.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға, жүлдегерлерге, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.

СҚО//  АҚПАРАТ -НАСИХАТ ТОБЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Uaqyz»  насихат бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес жергілікті ақпарат-насихат тобының мүшелері Жамбыл ауданына барды. Ақпарат насихат тобы мүшелерінің құрамында «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы Касымхан Исаев және Қызылжар аудандық мешітінің бас имамы Азамат Сәрсенов болды. Олар Жамбыл ауданындағы «Қабдулбари» және «Тәуба» мешіттерінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО// АҚПАРАТ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ӨТТІ

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Uaqyz»  насихат бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес жергілікті ақпарат-насихат тобы құрылған болатын. Соған орай Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарын аралап кездесу, семинар және уағыз-насихат бойынша жұмыстар жоспарланған. Жұма күні аталған жоспарға сәйкес, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Мамлют ауданының мәдениет үйінде жергілікті жастармен және мемлекетік қызметкерлерімен кездесті. Онда «Бала тәрбиесі-баршаның ісі » тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың да пікірлерін тыңдады. Содан кейін аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысын барып көрді. Құрылыс жұмысын аяқтау келесі жылғы құрбан айт мерекесіне дейін жоспарланған. «Мамлют қаласының тұрғындары Алланың қалауымен келесі жылғы құрбан айт мерекесін үш қабатты сәнді мешітте мерекелеуді нәсіп етсін, деп тілегін білдірді», – Қызылжар орталық мешітінің бас имамы.

Осы күнгі іссапар Бексейіт ауылында жалғасты. Ауылдағы мешіттің жамағатымен кездескен бас имам жастар тәрбиесі жөнінде уағыз айтты. Мешіттің наиб имамы жастар арасында араққұмарлық, нашақорлық басқа да теріс қылықтардың мұсылман тәрбиесіне жат екенін, оның адам тағдырына, отбасына ауырлық, қиындық әкелетінін түсіндірді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО//  ТАҒАЙЫНДАУ

     «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» бұйрығына сәйкес  Керімжанов Ринат Исатайұлы  2023 жылдың  25 тамызынан бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы  Қызылжар орталық  мешітіне ұстаз болып тағайындалды. Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы  жұма күні мешіт жамағатына Ринат Исатайұлының Павлодардың тумасы екенін және 2019-2023 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр -Мүбәрак» университетін тәмамдаған жоғары білімді жас маман екенін айтып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО/ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің өкілдері «Зекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп «Мектепке жол» акциясын өткізді. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қоры жыл сайын «Мектепке жол»акциясын өткізеді.

2023-24 жаңа оқу жылына орай дәстүрлі шара «Қызылжар» орталық мешітінде өтті. Қайырымдылық сомасы-2 млн теңге сомасында болып, оған 200 балаға арналған киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға жұмсалды.   Көмекке мұқтаж адамдар мешітке келіп, өтініш қалдыра алады. «Қызылжар» облыстық орталық мешіті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесетінін хабарлаймыз.

«Қызылжар» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ- ҰЛЫ ӨНЕР

Дүниеге сәби келсе ата анасы, туыстары, көрші қолаң, ел жұрты барлығы қуанып, мәре сәре болып қалады. «Бауы берік болсын!» , «Үлкен азамат болып өссін!» деген тілектерін айтып, баладан жақсы үмітті екендіктерін білдіреді. «Отан отбасынан басталады» деген дана сөзден ұғатынымыз, ол бала еліміздің болашағы, бір кірпіші болып қаланатын азаматы.

Пайғамбарымыз Мухаммед(ғ.а.с): Ата ананың балаға деген үш хақысы бар, олар балаға жақсы есім қою, білім дарытып, көркем мінез құлыққа тәрбиелеу, ер баласы ер жетсе, қызы бой жетсе үйлендіру мен тұрмысқа беру деген. Есім қойғанда болашақта баланың намысын төментетпейтін, көркем есімдерден қойған дұрыс. Дін тұрғысынан шариғатқа қайшы келмейтін есім болса абзал. Қазіргі уақытта есім қоюда таңдау көп. Ата анасы жұртта жоқ ерекше есім қоямыз деп, қазақшылыққа да қайшы, дінге де қайшы есімдерді қойып жатады. Әсіресе мағынасына мән бермей, құлаққа жайлы, әдемі естілген есімді қояды. Мағынасына терең бойласақ, басқа діндердегі құдайларының аты, немесе аудармасы ұятқа қалдыратын мағына береді. Сол себепті балаға есім қойғанда дәстүрлі исламға сәйкес, салт дәстүрімізге қайшы келмейтін есімді қоюға шақырамыз. Екінші ата ананың міндеті, құдай берген баласына жақсы тәлім тәрбие беру. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген өнегелі ұлы сөз бар. Қазіргі уақытта осы мәселе яғни бала тәрбиелеу «ақсап» тұр десек, артық кетпейміз.

Ата анасы баланы балабақша, мектеп тәрбиелейді деп, тәрбиеге селқос қараса, балабақша мен мектеп ата анасы тәрбиелейді деп, баланың нағыз тәрбиелейтін кезеңін өткізіп алады. Қазіргі ғылыми нәтижелердің қорытындысы бала бес жасқа дейін өмірлік тәрбиенің елу пайызын бойына сіңіреді екен. Қазақта да «Баланы жастан» тәрбиеле деген дана сөз бар. Пайғамбарымыз Мухаммед(а.с): «Ата ана балаға жақсы тәрбиеден артық мұра қалдыра алмайды» деген. Қалай айтсақта баланы тәрбиелеуде ата ана басты рөл атқарады. Балабақша мен мектеп қоғамға тәрбиелесе, ата анасы баланың жан дүниесін тәрбиелейді. Ертеде қазақ бала тәрбиесінде ислами діни тәрбиеге қатты мән берген. Ол кезде баланың тілінің ең бірінші сөзі «лә иләһа иллаллаһ» болған. Өйткені исі қазақ баласы өзін ислам дінінің өкілі санап, дін қағидаларын басты назарға алған. Қазіргі уақытта баланың тілі тез шықсын деп, неше түрлі сөздерді үйретеді. Сол боқ ауыз сөздерді былдырлап баласы айтқанда, шайтан лағнет қуанып жатады. Ата анасының қуаныштары ұзақ болмайды. Ата анасы, бала есейгесін ұмытып кетеді, еш нәрсе етпейді дегенмен, баланың жан дүниесінде, жадында ол сөздер «жақсы» болсын не «жаман» болсын сақталып қалады. Адамның тағдыры оның сөздері мен істері емес пе!? Сол сөздері мен істерінен адамның мінезі қалаптасады.

Қазақта «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген өнегелі сөздер бар. Бұл жерде «көрген» деген сөзге аса мән беру керек. Балаға қанша дұрыс бол деп айтсақта, өзіміз үлгі болмасақ, айтқанымыздың әсері болмайды. Қайсы ата ана болсын, өзінің баласының жақсы болғанын қалайды. Тарихымызды қарасақ, қазақтың бір туар арыс азаматтары діни ортада, діни тәрбиеде өскенін көреміз. Тарих ол  – жүріп өткен жол. Тарихын білмегеннің болашағы жоқ деген тұжырыммен пайымдасақ, ол болашақты басқалар жасайды деген басқа тұжырымға келеміз. Өкінішке қарай қазіргі уақытта ислам дінін артта қалған дегендермен, ислам дінін дұрыс түсінбей, балаларын мешіт – медреседен алыс ұстағысы келетін ата аналар да бар. Бұл түсінбеушілік уақытша құбылыс. Балаларымыз жаман жолға түсіп кетпесін деген ата ананың уайымында түсінуге болады. Сол себепті ата бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміздің жолын жаңғыртып, соның жаршысы болып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен тіркелген мешіттер мен медреселерге балаларды жіберсе жақсы болар еді. Үшінші ата ананың міндеті ұлын ұяға, қызын қияға қондыру болады. Осы міндеттерді атқарса, ата ананың негізгі міндеттері тамамдалады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасына Алла тағала бақыт пен байлық берсін!

 Абылай Құрмашұлы        

  «Мухсин» мешітінің бас имамы

МҮФТИ БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен аппарат жиналысы өтті.

Бас мүфти бес бағыт бойынша жеті айда атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебін тыңдады. Атап айтқанда, бөлім меңгерушілері дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, сондай-ақ жат ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарды Бас мүфтиге баяндады.

«Бұл – біздің негізгі жұмыстарымызға басымдық берілген бағыттар. Сондықтан жыл басында бекіткен жұмыс бағыттарымызды ерекше ыждағатпен орындауымыз тиіс. Бұл жыл соңындағы қорытынды жұмыс есебінің көрсеткіші болмақ» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс барысында наиб мүфти Ершат Оңғар ҚМДБ Төрағасына биылғы қажылық маусымында атқарылған ауқымды іс-шаралардың есебін баяндады. Бас мүфти осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында жүзеге асқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бөлім меңгерушілері мен мамандарына тиісті тапсырмалар берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲