ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

СҚО/// БАСПАНА КІЛТІ ,УМРАҒА ЖОЛДАМА, НАУҚАСҚА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Қызылжар қаласындағы Жастар сарайында өткен рухани мәуліт кешінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында  Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Айтуған Тойбазарға қызметтік пәтер кілті табысталды. Бұл жалпы зекет қорының есебінен беріліп жатқан 686-шы  баспана.

Сонымен қатар, ғибратты кешті өткізу барысында  өңірлік мешіт имамдарының және басқа демеушілердің қолдауымен Айыртау ауданы  Карасевка ауылының молдасы Әубәкіров Еділге,  түрік диаспорасының өкілі Акапова Махаббатқа және тәжік диаспорасының өкілі Амиршоев Джурабекке Умра қажылығына жолдама берілді.

          Сауапты іске жұмылған демеушілер науқас балаларды да назардан тыс қалдырмады. Зекет қорына жиналған қаржыдан Тукаев Алишердің ота жасатуына 1,5 млн ақшалай көмек аударылды.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗЫЛЖАРДА МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылжар өңіріне барған сапарында Жастар сарайында өткен Мәуліт кешіне қатысып, уағыз айтты.

«Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала тәрбиесінде алар өнеге көп. Ол баланың жанын түсініп, оған балама жол көрсетіп, жамандық атаулыға жоламауды үйреткен. Оның бала тәрбиесіндегі байсалдылығы, қамқорлығы, жанашырлығы баршамызға бағдар болуға тиіс» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚЫЗЫЛЖАРДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылжар өңіріне барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы аймақтағы филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

«Мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» халқымызға дініміз бен дәстүрімізді насихаттап келеді. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Петропавл қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл студияда әзірленген тележобалар халқымыздың рухани дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тіледі.

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАС ШӘКІРТТЕРДІ ОҚУДА ОЗАТ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылжар өңіріне барған сапарында мешіттегі жас шәкірттермен кездесті. 

«Үздік оқушы барлық жағынан үлгі болу керек. Мешіт пен мектеп ұстаздарынан тәлім алып, елге қызмет ететін тұлға болыңыздар. Алла қаласа оқуда озат болсаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер. Алла Тағала зейіндеріңізді ашсын. Білім мен ғылым жолындағы қадамдарыңызға сәттілік пен береке тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Бас мүфти Петропавл қаласында «Иманды ел – ізгі қоғам кепілі» тақырыбында өткен республикалық конференцияға қатысып, арнайы баяндама жасады.

«Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға үлес қосу. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады. Осы жыл аясында қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны жүзеге асырып келеміз. Ислам барлық адамзатты ізгілікке, жақсылыққа шақырады. Бірлік пен берекеге шақыру – қазақ халқының қанында бар қасиет. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз адамның кемелдікке жетуі үшін төрт шартты атап өткен. Олар – кеңістік, уақыт, бауырмалдық, өзара ынтымақтастық. Міне, осы құндылықтар болған кезде қоғам да, адам да бақытты болады» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Конференцияда баяндама жасаған зиялы қауым өкілдері жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру, жас буын өкілдерін құмар ойындарға тәуелділіктен құтқару, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызы сынды тақырыптарда ойларын ортаға салды.

СҚО///  «МҰХАМЕДЖАН МОЛДА» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бас мүфтидің  бұйрығымен Махмудов Алишер Сабурович 2023 жылдың 15-қыркүйегінен бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылы, «Бірлік» мешітінің ұстазы қызметінен ауыстырылып, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязов ауданы  Тимирязов ауылы «Мұхамеджан молда» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. «Мұхамеджан молда» мешітінің бас имамы  Ташев Шохан жаңадан тағайындалған наиб имамды жұма намазына жиналған жамағатқа таныстырды. Жамағат ішіндегі ауыл ақсақалдары Алишер Сабырұлына батасын беріп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО///  ИМАМДАР  БОТАЙ ҚОНЫСЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының имамдары «Дархан дала» жобасы аясында Айыртау ауданына барып тарихи орындарды зиярат етті.

«Бас мүфтидің бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасының басты мақсаты –халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру.  Мұнда жол бастаушы тарихшы маман, имамдарды Ботай қонысының тарихымен таныстырып, атаулы қоныстағы үңгірлерді аралатты. Олардың тарихына тоқталып, діни қызметкерлерге мол мағлұмат берді.

Ботай қонысын 1980 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық  экспедициясының мүшесі В.Ф. Зайберт ашқан. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мыңыншы жылға жататын дала мәдениетінің бастауы, ежелгі адамдардың мекені болып саналады. Ғұн мен сақ бабаларымыздың ат тұяқтары тиген бұл өңір ежелгі дәуірлерден елес береді. Осыдан 5-6 мың жыл бұрын бабаларымыздың адамзат өркениетіне тұңғыш көлік құралы – жылқыны әкеліп, бұл түлікті қолға үйреткені шынымен таңқаларлық жағдай. АҚШ, Англия, Германия, Қытай және Иран ғалымдары Ботай мәдениеті жайлы тарихи деректерге негізделген пікірлерін білдіріп, жер астынан табылған адам мен жылқының сүйектерін, қымыз ішетін ыдыстарды терең зерттеп, адамдар бұл өлкеде 5300 жыл бұрын өмір сүрді деген тұжырымға келген.

Ботай біз үшін ежелгі адамдар қонысы ғана емес әрі төл тарихымыздағы сабақтастықты төрткүл дүниеге жарқыратып шығарған құнды ескерткіш болып табылады. Бүгінде Ботай ЮНЕСКО-ның тізіміне алынып, мұнда табылған археологиялық жәдігерлер саны 120 мыңнан асты. Солтүстік Қазақстанның жер төсіндегі ежелгі адамдардың қонысы- Ботай қорымы қазақ тарихына даңғыл жол салды. Ол бүгінгі күні археологияның бренді болып саналады.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

МАХМҰТШЫЛАР

Түрік жамағаттарының арасында қолдаушылары көп болмаса да, белсенді жамағаттардың бірі, Ыстамбул қаласында шоғырланған – «махмұтшы» («Исмаил аға») жамағаты. Жамағаттың атауы ханафи мәзһабын ұстанушы, Нақшбанди-мужаддиди тариқатындағы «Халидия» тармағының жетекшісі шейх Махмұт Уста Османұлы әл-Уфиден (1929-2022) алынған.

1945 жылы Махмұт эфенди шариғат ілімдері бойынша ижизаға (куәлікке) ие болып, туған ауылындағы мешітке имам болады әрі ұстаздық қызметін атқарады. 1952 жылы төрт мәзһабтың мүфтиі шейх Али Хайдар Ахисхауидің муриды атанады. 1954-1996 жылдар аралығында Ыстамбул қаласындағы «Исмаил аға» мешітінің имамы болып қызмет етеді. Махмұт эфендидің «Тафсир Рухул Фұрқан», «Үгіт-насихаттар», «Иршадул муршидин», «Рисалә Құдсия шархы» секілді бірнеше кітаптары бар.

Бүгінде олар ішінара бірнеше топтарға бөліну үстінде. Жамағаттың кейінгі буын шәкірттерінде діни фанатизм белгілері айқын байқалады.

«Исмаил аға» жамағаты ұзын сақал қоюды, жеңі кең шапан (жубба), кең шалбар және сәлде кигенді міндетті деп санайды. Әйелдер жамағаты үстіне «чаршаф» атты кең, қара түсті көйлек киіп, көп жағдайда беттерін бүркеп алады.

Олар діни білімді тек өздерінің баспасынан шыққан кітаптармен оқиды. Оқу процесі ескі османдық жүйеде жабық пансиондарда жүргізіледі. Бүгінде қазақстандық махмұтшы жамағаты өз балаларын және ізбасарларын барынша Түркиядағы сондай пансиондарда оқытуға тырысады. Балаларын еліміздің ресми діни оқу орындарына бермегенді жөн көреді.

Сонымен қатар, діни қағидаттар мен өз ережелерін барынша қатаң ұстануға, өз көсемдерінің пәтуалары мен насихаттарын бұлжытпай орындауға ұмтылады. Жамағат өкілдері әлемнің қай жерінде болса да, бір-бірімен байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жасайды.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімі

СҚО//  НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» бұйрығына сәйкес Мұхамеджан Аман Асылханұлы 2023 жылдың  25 қыркүйегінен бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы  Қызылжар орталық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.Білім жолы: 2015-2018 жылдар аралығында Астана медресе колледжінде оқыған, 2018-2022 жылы Түркия мемлекеті Стамбул қаласындағы Имам Малик академиясында білімін шыңдаған.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

БАС МҮФТИ РАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен РАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар мәресіне жетті.

«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем сөздер арқылы насихат ет» дейді. Бүгінгі біздің қоғамға ең бірінші ауызбіршілік, ынтымақ маңызды. Тағы да сіздерді біздің ұстанымды насихаттап, сол бағытта бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын. Өйткені біздің басымызды біріктіретін ол – асыл дініміз, қарашаңырағымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» деді Бас мүфти.  

Айта кетейік, семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрілігі Дін істері комитетінің мамандары РАНТ мүшелеріне дәріс оқыды. Сондай-ақ қатысушыларға «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» таныстырылды. 

МӘУЛІТ АЙЫ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!

Барша мақтаулар менен мадақтар біздерді жоқтан бар еткен, әлемдердің Раббысы Алла тағалаға және де оның пайғамбары адамзаттың асыл тәжі болған Мұхаммед с.ғ.с – ға Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Қадірлі мұсылман қауым! 16 қыркүйек күні мұсылмандық хиджри жыл санауына сай ұлы болған айлардың бірі – Рабиға әууәл айы кіріп келді. Бұл ай біз үшін, яғни мұсылман қауымға несімен ұлы болған деген сұраққа жауап – ол біздің ардақты да қадірлі, Алланың сүйіктісі «хотәмуль әнбиә», яғни барша пайғамбарлардың мөрі Мұхаммед с.ғ.с – ның жарық дүниеге келіп, бүкіл ғаламатты нұрға толтырған күн. Өйткені Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз біздерге Алланың ұлық болған шариғатын, асыл дініміздегі барша ұлық мейрамдарын, Алланың рахымы менен бұл өмірдегі бүкіл берекеттерді алып келген болатын. Асыл пайғамбарымыз бұл дүниеге келмеген болса, мың айдан хайырлы болған Қадір түні, мұсылмандық мерекелер, Исра мен Миғраж окиғалары,  Меккенің алынуы, Бәдрдегі шайқас, тіпті мұсылман қауымының қалыптасуы болмас еді. Осы күніміздегі біздерге тиесілі болған барша жақсылықтар тікелей осы ұлы адаммен байланысты. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с бүкіл хайыр менен берекеттің бастауы болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с осы Рабиға әууәл айының 12 – ші жұлдызында, қазіргі әлемдердің барша мұсылмандарының отауы болған қасиетті Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбарымыздың уақытынан бастап біздің  заманымызға дейін адам баласы өмір бойы қандай қиыншылық пен ауыртпашылықты көретін болса, Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыздың өткен сынақтарының қасында шаңның тозаңындай ғана кішірейіп қалады. Алланың сүйген құлының өмірбаянын білмейтін, бірақ та санасы менен көкірек көзі ояу әр адамның бойында, алдыңғы айтылған сөзге, яғни пайғамбарымыз с.ғ.с қаншалықты ауыр деңгейдегі сынақтарға жолықты деген сұрақ міндетті  түрде туу керек деп ойлаймыз. Міне сондықтанда сол мәселенің түйінін қысқаша түрде айтып көрейік.

Пайғамбарымыз с.ғ.с бұл анасының құрсағында болған кезде, яғни бұл дүниенің есігін ашпай тұрып,  әкесі Абдоллахтан, ал балалық пен шаттықтың ең тәтті шағы 6 жасында Әмина анасынан айырылды. Анасы дүниеден өткеннен кейін атасы Әбдүлмүтәліп, және немере ағасы Әбу Тәліптердің қолдарында өсіп өнген. Жастайынан бойында шыншылдық пен әділдік орнаған Пайғамбарымыз өз елінің арасында үлкен сыйластыққа ие болды. 40 жасында оған Алладан алғашқы уахи, яғни Жаратқан Алламыздың Жәбірейіл періште арқылы жер бетіне Құранның ең бірінші аяты түсіп, пайғамбарымыздың мойынына пайғамбарлық мәртебесі жеткізілген болатын. Міне сол уақыттан бастап, Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз арқылы асыл дініміз Исламменен және оның шариғаты болған Құран, барша адамзатқа жол бастады. Алланың құзырындағы хақ, яғни ақиқат Ислам дініне щақыра бастаған пайғамбарымыз алғашқы күндерінен көптеген қиындықтарға жолыққан болатын. Себебі Ислам діні келместен бұрын, араб жазирасындағы халықтар, соның ішінде пайғамбарымыздың жақын бүкіл туыстары, және оның айналасы көптеген пұттарға, яғни өз қолдарынан жасап алып, өздері ойлап тапқан «құдайларға» сиынатын болатын.  Сондықтан пайғамбарымыз с.ғ.с жалғыз Аллаға мойынсұнуға шақырған кезде, Мекке халқы оның айтып жатқан нәрсесін жат санап, ата-бабаларының ұстанымынан кері айналды деп, оған қарсы шыққан болатын. Тіпті жақын ағайын – туыстарының өзі оны қатты сөгуге баратын. Сөйтсе де, қаншама қиыншылық көріп, жақын туыстары одан бет бұрып қарсы шықсада, пайғамбарымыз тура жолдан ауытқымай ақиқатты жеткізуін тоқтатпады.  Мұсылмандықты ең алғаш қабылдап, пайғамбарымызға өте үлкен тірекпен демеу болғандардың бірі – ол оның жары, Хадиша анамыз.Уақыт өте келе айналасындағы біршама адамдар да мұсылмандықты қабылдап, хақ жолға түскен болатын. Бірақ Меккедегі мұсылмандар қуғынға ұшырап, 622 жылы Мәдинаға көшуге мәжбүр болды. Мәдина тұрғындары жаңа дінді жақсырақ қабылдап, олардың көпшілігі исламды қабылдады. Сол жерде олар алғашқы ислам қауымын құрады.

Ардақты пайғамбар с.ғ.с – ның 3 ұлы менен 4 қызы болатын. Солардың ішіндегі алты баласын пайғамбарымыз көзі тірі кезінде өзі жерге тапсырған болатын. Біздерге жеткен асыл дінді жеткізу барысындағы пайғамбарымыздың көрген қиындықтарының жоғарыда біз айтып кеткен әңгіме тек аз ғана қысқаша мағлұмат. Соның барлығына төзіп, бір Алладан ғана медет сұраған пайғамбарымыз с.ғ.с біздер, яғни өз үмметі үшін көп дұға тілейтін. Ұзақ түндердің ішінде намазда аяқтары ісіп қалғанға дейін тұрған пайғамбарымыз с.ғ.с – ның жылап тұрып Жаратқаннан бір ғана сұраған нәрсесі – «үммәтии, үммәтии, үммәтии», яғни үмметім, үмметім, үмметім… Біздің осы күнде бейбіт өмір сүріп жатқанымыз, адал дастарқан нан адал нәрсе ішіп жеуіміз, бейбіт заманда өмір сүруіміз сияқты көптеген нығметтердің барлығы пайғамбарымыздың біз үшін дұғасының себебінен деп білуіміз қажет.

Біз үшін бұл өмірде бір жақынымыз көптеген жақсылықтарменен демеу жасап жүрсе қаншалықты дәрежеде оған құрмет көрсетеміз? Ол адам үшін біз бәріне дайын болып, оның алдында өтелмейтін борыш бар екенін біліп, ол адамды жадымызда сақтап жүріп, жүрген жерімізде жақсылықтарын айтып жүреміз.

Ал біздер үшін бар өмірін арнап, бұл жалған дүниенің бүкіл байлық пенен атақтарды тәрк етіп, біздер үшін күні – түні жылап жүрген асыл пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с үшін біз не жасадық?

 Осы сұрақты әрқайсыларымыз өзімізге қойып, Жаратқан Алламыз бен, Пайғамбарымыз бен арамыздағы қарым – қатынасымыз осы күнде қандай деңгейде екенін ойланып, түйін шығаруымыз қажет.Міне осы қасиетті айда, Аллаға деген шүкіршіліктерімізді арттырып,  иманымызды күшейтіп, барша құлшылықтарымызды тиянақтап, ардақты Пайгамбарымызға көптеген салауаттарды айтып, жақсылыққа бет бұрайық.

Әлхамду лилләәһи роббиль ғәәләмиин

Әллахумма солли уә сәллим уә бәәрик ғаләйһи.

Көкен Ержан Оралұлы

Ақжар ауданы «Үлкен – Қарой»

мешітінің наиб имамы

СҚО/// «ҚОЖАХМЕТ ХАЗРЕТ» аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Ахметов Арман 2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының «Қожахмет хазрет» аудандық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы келіп наиб имамды мешіттің жамағатына таныстырды. Сонымен бірге бас имам ауылдағы мұсылман қауымы, жастар және жамағат арасында ислам дінін күшейту барысында атқарылатын жұмыстар туралы айтып, мешіт имамдарына міндеттер жүктеді. Өңірдегі мешіттер арнайы діни жоғары білімді қызметкерлермен толығуда. Жас мамандардың мұндай қызметке келуі жастар арасында имандылықты, рухани құндылықтарды күшейтеді,- деді бас имам Хамзат Қажымұратұлы.

                                    Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲